Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері 28 желтоқсан күні түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда мына мекен-жайларда су алу жұмыстары жүргізілуде:
- №24 және №27 автомобиль жолының қиылысы, «Аяулы ана» ТҮК маңы;
-31Б және 32Б шағын аудан аралығы;
- Кеден ғимаратының қиылысы;
- №15 және №22 автомобиль жолының қиылысы;
- №7 және №15 автомобиль жолының қиылысы;
- №24 және №25 автомобиль жолының қиылысы;
- №3 автомобиль жолы, «Тамшалы» ТҮК-нің маңы;
- №12 автомобиль жолы, «Евразия» банк маңы;
- 17 шағын аудан «Халық арена»;
-Сары базар алды;
- №22 автомобиль жолы, «Инара» ТҮК маңы;
-№7 автомобиль жолы, №1 мектептің маңы;
Бұл жұмыстарға 1 жауапты шебер, 6 жұмысшы, 2 жүргізуші, 2 бойлер, 2 газель 8 мотопомпа жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан 1600 м3 су алынды. Су алу жұмыстары жалғасуда.