Маңғыстауда «Ақтау - Маңғыстау вокзалы» бағытында жаңа түнгі маршрут іске қосылды

Маңғыстауда «Ақтау - Маңғыстау вокзалы» бағытында жаңа түнгі маршрут іске қосылды

2024 жылы 7 тамыздан бастап №108 «Ақтау - Маңғыстау - Ақтау» түнгі қоғамдық көлік маршруты іске қосылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Берік Ізғалиевтың айтуынша, аталған маршрут тұрғындардың жол жүру мәселесін жеңілдетеді.

- Автобустың жүру уақыты кешкі 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін. Қозғалыс интервалы 1 сағатты құрайды. Бастапқы аялдама 23 шағынаудан «Военкомат» болса, соңғы аялдама Маңғыстау теміржолы вокзалы болмақ. Тасымалдаушы компания «Caspian Trans Corporation» ЖШС осы маршрутты өзінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бюджеттен субсидия алмай ұйымдастыруда,-дейді Берік Ізғалиев.

Айта кетсек, ересектерге жолақы құны 100 теңге, ал 7-18 жас аралығындағы балаларға - 35 теңге.