Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тілеген Едігеев тағайындалды.

Едігеев Тілеген Едігеұлы 1990 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін қаржы мамандығы, 2016 жылы КАЗГЮУ университетін құқықтану мамандығы, 2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы университетте магистратураны «Стратегиялық инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы Ақтау қаласындағы «Каспий Битум» БК ЖШС қоймашысы болып бастаған.

2014-2015 жылдар аралығында «Мұнай-газ инженерлік және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС корпоративтік клиенттермен жұмыс секторының меңгерушісі болды.

2015-2020 жылдары «Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, «Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бас маман, бөлім басшысы, басшының орынбасары лазауымында қызмет атқарды.

2020-2022 жылдар аралығында «Ақтау қалалық кәсіпкерлік және индустрияны дамыту бөлімі» ММ, «Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы болған.

2023 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық директоры қызметін атқарды.