Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Ерлан Саркенов тағайындалды.

Саркенов Ерлан Әбдіғалымұлы 1986 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, 2019 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін сәулет мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009-2016 жылдары «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тіркеушісі, бас маман болып бастаған.

2016-2018 жылдар аралығында жоғарыда аталған мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.

2019-2021 жылдары Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2021-2023 жылдары «Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.

2023 жылы «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.