Ақтау қалалық полиция басқармасы: жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер жауапкершілікке тартылады

Ақтау қалалық полиция басқармасы: жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер жауапкершілікке тартылады

Ақтаулық полицейлер жедел жәрдем жүргізушілерімен бірге профилактикалық рейд жүргізді. Рейд аясында жедел жәрдем көлігі полицейлермен бірге қарбалас уақытта қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Рейд нәтижесі бойынша полицейлер бірнеше көлік жүргізушісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы бойынша(арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу) жауапкершілікке тартып, 7 АЕК(25844 теңге) айыппұл салды.

-Кез келген жүргізуші жедел жәрдем дабылын естіген сәтте жылдамдықты азайтып, жол беруге міндетті. Олай болмаған жағдайда, Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жауапкершілік көзделгенің ескертеді! Дегенмен, бұл жағдайда ең алдымен жүргізушілердің ар-ожданы алдыңғы қатарға шығуы тиіс. Себебі жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуға қаншалықты жылдам жетсе, адамды ажалдан арашалап қалу мүмкіндігі соншалықты арта түседі, - дейді деді қалалық полиция басқармасының өкілдері.