Ақтауда шағын ауданішілік жолдарға 2000 шаршы метрге жуық асфальт төселді

Ақтауда шағын ауданішілік жолдарға 2000 шаршы метрге жуық асфальт төселді

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев шағын ауданішілік жолдардағы шұңқырлы жөндеу жұмыстарын тексерді. Қазіргі таңда 11-шағын ауданның ішкі жолдарына 2000 шаршы метрге жуық асфальт төселді, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі жауапты бөлімге және мердігер компанияға жолды жөндеуге қатысты тиісті тапсырмалар берді. 11-шағын ауданның №23, 24, 25, 18А, 18, 19 тұрғын үйдің маңындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

-Ақтау қаласы аумағында 18 сәуір күні шағын ауданішілік жолдарға шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталған болатын. Биыл қаладағы шағын ауданның ішкі жолдарына 48 мың шаршы метр асфальт төсеу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 11-шағын ауданның ішкі жолдарында шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған шағын ауданның ішкі жолдарына 2000 шаршы метрге жуық асфальт төселді. Шұңқырлы жөндеу жұмыстары басқа шағын аудандарға да жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.