Ақтау қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ақтау қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Тілеп Баймағамбетов, қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов және жауапты бөлім басшылары қатысты. Қала әкімінің қабылдауына 12 тұрғын келді. Тұрғындар шаһар басшысына тұрғын үй кезегі, жер, коммуналдық мәселе және өзге де жеке мәселелері бойынша жүгінді.

Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың мәселелерін шешу бағытында жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.