Ақтаулық жастар «Самал сайы» шатқалында сенбілік өткізді

Ақтаулық жастар «Самал сайы» шатқалында сенбілік өткізді

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы аясында «Самал сайы» мәдени-тарихи нысанында тазалық жұмыстарын жүргізілді,- деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараға Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының өкілдері және «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің» студенттері қатысты.

-«Самал сайында» тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 30-ға жуық ерікті қатысты. Табиғатты қорғау - адамзаттың борышы, - деді «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің» студенті Бекзат Алдаберген.