Ақтауда шағын аудан ішілік жолдарда шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталды

Ақтауда шағын аудан ішілік жолдарда шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталды
Ақтауда шағын аудан ішілік автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда мамандар 11-шағын ауданның ішкі жолдарында шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

-11-шағын аудан ішілік жолдардың жөндеуді қажет ететін жерлерінде шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мамандар шұңқырлы жөндеу жұмыстарына дайындық, яғни шұңқырларды кесу жұмыстарын жүргізуде. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін шағын аудандардың тізіміне сәйкес биыл 50 мың шаршы метрге жуық шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ғазиз Сағынғалиев.

Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жүргізушілерден жасалып жатқан жұмыстарға байланысты маршрутты алдын ала ойластыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.