
Шілдехана - қазақ халқының ежелден келе жатқан салт дәстүрі. Елімізде Наурызнаманың онкүндігі бойынша 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген болатын. Осы мереге орай Ақтауда түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Ақтаулық Ержановтар әулетінде шілдехана рәсімі өтті. Әулет үлкендері салт-дәстүрдің жөн-жоралғысын жасап, нәрестеге батасын берді, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бесікке бөлеу 9 баланың анасы сәбидің үлкен нағашы әжесіне берілді. Баланы бесікке бөлемес бұрын тыштырма дәстүрі өткізілді. Бұл кезде бесіктің ойығынан балаларға тәтті үлестірілді. Нәрестенің бесікке бөлеген уақытта барлық ағайын-туыс «Үлкен азамат болсын» деп тілек айтса, баланың әжесі «Сіздерге де жұғысты болсын» деп шашуын шашты. Сәбидің әжесі Гүлзира Есетова бесікке салған алтын құрсақты анаға арнайы сыйлық табыстады.
-Жалпы қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Менің төрт балам, төрт немерем бар. Сафия - екінші ұлымның қызы, төртінші немерем. Сәбиіміз еліміздің дамуына үлкен үлес қосуын тілеймін. Жыл құтты болсын!, - деді нәрестенің әжесі Гүлзира Есетова.