Ақтау қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Ақтау қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Ақтауда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай қалалық қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер, аналар, әжелер жол ақысын төлемейді. Яғни оларға жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, нәзік жандылар №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады. Қоғамдық көлік өзінің тұрақты кестесіне сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.