Ақтауда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Тілші мұғалімдер – 2024» облыстық олимпиадасы өтті.
Шараның мақсаты - педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау. Ережеге сәйкес олимпиадаға еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, жалпы білім беру ұйымдарда шығармашылықпен жұмыс жасайтын, аудандық, қалалық кезеңнің 1-орын жеңімпаздары және облыстық мектептердің мұғалімдері, барлығы 22 педагог қатысты.
Қатысушылар олимпиаданың бірінші күні – теориялық кезеңде педагогикалық идея, грамматикалық талдау тапсырмалары және эссе жазудан сынға түсті. Екінші күні – практикалық кезеңде мұғалімдер жеребе суыру арқылы анықталған сыныптарға ашық сабақ өткізді.
Жұмыстарды бағалауда олимпиада қатысушылары мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу мақсатында барынша әділдікті қамтамасыз ету үшін қазылар алқасы олимпиадаға қатысушылардың тапсырмаларына талдау жүргізді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша әрбір пән бойынша төмендегі жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және жүлделі орыннан кейінгі жоғары ұпай жинаған мұғалімдер ынталандыру номинациясымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орынды –Ақжүніс Амалова, ІІ орынды Жұлдызай Сағынова, ІІІ орынды Асылай Ерманова иеленді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орынды –Гүлмира Оразғалиева, ІІ орынды –Динара Шанаева, ІІІ орынды –Жаңагүл Исағалиева алды.
Ағылшын тілі пәні бойынша І орын –Жансая Майлановаға, ІІ орын –Гүлсім Майлыбаеваға, ІІІ орын –Индира Құрмановаға бұйырды.