Ақтауда 12-қыркүйек еңбек күніне орай қалалық мансап орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрменкеге 150-ге жуық тұрғын қатысты. Шаһар тұрғындарына қаладағы 30-ға жуық жеке кәсіпкер мен мемлекеттік мекеме бос жұмыс орындарын ұсынды. Шараның басты мақсаты - өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін азайту.
-Жәрмеңкеде 120-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Бұл жыл басынан бері өткізіліп отырған бесінші жәрмеңке. Сонымен қатар, 27 қырқүйек күні Ақтау қаласында алғаш рет enbek.kz платформасы арқылы онлайн жәрменке өткізіледі. Аталған шараға Ақтау қаласының тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз, - деді «Ақтау қалалық мансап орталығының» директоры Нұрсұлтан Черкешбаев.