
Ақтау қаласында 9 жаңа аялдама салынып, қолданысқа берілді. Оның ішінде бір ескі аялдама қайта жаңартылды.
Ақтау қаласында бұрын жабдықталмаған аялдамалар тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жабдықталды. 9 заманауи аялдама: 32«Б» ш/а 22 үй артында, 34«А» ш/а «Батыр» спорт кешенінің алдында, 32 ш/а Ш. Есенов спорт кешенінің алдында, 13 ш/а 2 үй артында, 26 ш/а «Мешіт» алдында, 11«А» ш/а «Айып тұрағы»(Штрафстоянка), 3 ш/а Энергетик колледжінің алдында, 29 ш/а «Аққаламол» сауда орталығына қарама-қарсы жолда және 1 ш/а «Дружба» ғимаратының алдында орналасқан.
Жаңа аялдамаларда тұрғындар тынығып отыру үшін орындық, көлеңке мен жаңбырдан қорғануға арналған бастырмасы бар.
-Бұрын бұл аялдамалар жабдықталмаған болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша аялдамаларды жабдықтадық. Тоғыз аялдаманың ішінде біреуінің ғана ескі темір аялдамасын ауыстырдық. Жоба бюджет қаражаты есебінен жасалды, деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейілов.