2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды.
Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.