АҚТАУДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ІІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АҚТАУДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ІІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін қала әкімдігінде Ақтау қалалық мәслихатының екінші сессиясы өтті. Кездесуге қала әкімі, қалалық мәслихаттың төрағасы, депутаттар және қалалық ММ басшылары қатысты.

«Құрметті әріптестер және депутаттар! Бүгінгі кездсуде қаламздың өзекті мәселелерін талқылаймыз. Алға қойылған жоспарларды бірге орындап, қаламыздың көркеюі үшін бірлесіп қызмет етейік»,- деді қала әкімі Ербол Ізбергенов жиын басында.

Қалалық мәслихаттың ІІ сессиясының күн тәртібінде түрлі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, 2023-2025 жылдарға арналған Ақтау қаласының және Өмірзақ ауылының бюджеті, шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту тақырыптарын талқыланды.

«Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі 1% етіп бекіту ұсынылды. Яғни әрбір шетелдік турист қонақүйдегі жатын орын ақысының 1%-ын салықтық емес түсім ретінде төлеуі тиіс»,- деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрсейіт Айладыр.

Жиын барысында депутаттар бөлім басшыларына сауалдарын жолдап, қалалық мәслихаттың 2023 жылғы жұмыс жоспарын талқылады.