Ақтау қаласы әкімдігі жанынан құрылған "Аналар кеңесінің" ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шараға "Жанұя" отбасын қорғау орталығы және "Әйелдер істері" комиссиясы белсене қатысты.
«Қайырымдылық жасау – ең ізгі іс. Рамазан айында оның сауабы тіпті арта түседі. Сондықтан жастарға үлгі көрсету, балаларды жақсылыққа баулу – аналарға, яғни, біздерге міндет деуге болады. Осы мақсатта әлеуметтік осал және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасыларға көмек көрсетуді жөн көрдік»,- деді "Аналар кеңесінің" төрайымы Гүлзира Есетова.
Айта кетейік, қайырымдылық акциясы барысында "Аналар кеңесі", "Жанұя" орталығы және "Әйелдер істері" комиссиясы 15 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты.