
Тұрғындар жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өмірзақ ауылының автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
“Жөндеу жұмыстарын “Қала жолдары” ЖШС жүргізді. Қала тұрғындарының жайлылығы - басты мақсат. Әрі қарай Өмірзақ ауылына қарасты тұрғын массивтерінің жолдарына жөндеу жүргізу жоспарда бар”, деді "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" ММ-сі бас маманы Ғабиден Молдағали.
Айта кетейік, Өмірзақ ауылында 500м2 аумаққа шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүрзігілді.