
Ақтау әкімі Ербол Ізбергенов халықпен кездесу барысында аялдамалардың жетіспеушілігі қалай шешілетінін айтты.
⠀
"Бөлінген қаражатқа 9 жаңа аялдама салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені анықтау бойынша конкурс ұйымдастыру жұмыстары басталды", - деп атап өтті Е. Ізбергенов.
⠀
Аялдамалардың эскизі металл конструкциялардан жасалған бірыңғай архитектуралық стильде дайындалған.
⠀
Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен әкімдік қалада 33 жылы аялдама орнатуға ниетті. Жобаны іске асыру барысында әкімдікке тұрғындардан көптеген оң пікірлер келіп түсті және кәсіпкерлер арасында қызығушылық артты.
⠀
"Автобус күту кезінде тұрғындар жайлылығын қамтамасыз ету үшін өткен жылдан бастап қалада жаңа форматтағы аялдама кешендерін орнату басталды. Бүгінгі таңда жабық үлгідегі 13 павильон пайдалануға берілді, тағы 5-і желілерді қосуды күтуде. Олардың барлығы - жылы аялдамалар, кейбіреулерінде қоғамдық дәретханалар орнатылған. Олардың барлығы жеке инвестициялар есебінен салынған. Бүгінгі таңда байқауға 100-ден астам өтінім келіп түсті", - деп атап өтті Е. Ізбергенов.
⠀
Айта кетейік, Ақтауда мобильді павильоны бар автобус аялдамаларын орнатуға қатысушыларды іріктеу бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау басталды. Байқау Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес 33 қалалық аялдамаға өткізіледі. Басты шарттардың бірі - әлеуметтік аялдама орнату және оны Ақтау әкімдігінің балансына өтеусіз беру. Әлеуметтік аялдама құрылысы кәсіпкердің қаражатына жүргізіледі.