Ақтауда ескі үйлерді сүру және жаңарту бойынша жұмыстар 2016 жылдан бері жүргізілуде. Осы арқылы апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.
Алғашқы кезеңде, яғни 2016-2022 жылдар аралығында 15 ескі үй (2 қабатты) сүріліп, 7 тұрғын үй (бесқабатты) құрылысы жүргізілді. Бұл арқылы 3 ш/а-да орналасқан ескі үйлердің тұрғындары 257 пәтермен қамтамасыз етілді.
“Аталған жоба әрі қарай жалғасуда. 2022 жылы басталған жұмыс 3 кезеңде жүзеге асырылады. Бұл арқылы апатты үйлер мәселесі шешіліп, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі”, дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шагирбаев.
Атап айтсақ, ескі үйлерді сүру және жаңарту жұмыстары 2026 дейін жалғасады. Бұл аралықта 590 пәтерлі 9 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Соның арқасында 15 ескі үй бұзылып, 176 пәтердің тұрғындары жаңадан салынған үйге көшіріледі.
Айта кетейік, жаңарту жұмыстарының ауқымын кеңейту мақсатында әлеуетті инвесторлар тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.