АҚТАУЛЫҚ СПОРТШЫ ЕУРАЗИЯ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АҚТАУЛЫҚ СПОРТШЫ ЕУРАЗИЯ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ақтаулық Жұмакелді Тұрақбай Анталияда (Түркия) өткен тоғызқұмалақтан Еуразия Кубогында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Маңғыстау облысының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Гаухар Жақиева айтты.

“Кубок 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтті. Жұмакелді Тұрақбай тоғызқұмалақпен 10 жылдан бері айналысады. Түркиядағы жарыста Қазақстанның намысын қорғайтын болғандықтан Оқу-жаттығу жиындарына барды, онлайн да дайындалды. Еңбекқор шәкіртімнің жеңісті күндері көп болатынына сенемін”, дейді ол.

Гаухар Жакиеваның айтуынша, спортшы әлі елге оралмаған.

Ерлер мен әйелдер арасында өткен жарысқа жеті елден: Түркия, АҚШ, Чехия, Румыния, Эфиопия, Қырғызстан және Қазақстаннан 67 ойыншы қатысты.

Жұмакелді Тұрақбай қазір Ш. Есенов атындағы университеттің 3-курс студенті. Ол 2021 жылы Азия және ҚР Жастар Чемпионатының чемпионы атанған. 2022 жылы спорт шебері атағын алған.