АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ЛОГОТИП БАЙҚАУЫ ҚАЙТА ЖАРИЯЛАНДЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ЛОГОТИП БАЙҚАУЫ ҚАЙТА ЖАРИЯЛАНДЫ

Ақтау қаласының әкімдігі қаланың 60 жылдық мерейтойына арналған үздік логотипке байқау жариялады.

1)Өтінімдер 2023 жылдың 9 қаңтар-22 қаңтар аралығында қабылданады;

2)Конкурстық жұмыстарды қазылар алқасының қарауына жіберу – 2023 жылдың 23-25 қаңтар;

3)Онлайн дауыс беру – 2023 жылдың 26 қаңтар-9 ақпан;

4)Байқау нәтижесі 10 ақпанда жарияланады.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

- жұмыс оңай оқылуы керек, түпнұсқа графикалық элемент пен қаріптік атауды қамтуы керек. Жұмыс дизайн мен мәтінді біріктіре алуы тиіс.
- конкурстық жұмыс ассоциативтілік, әмбебаптық, өзіндік ерекшелік, есте қаларлық, экспрессивтілік, функционалдылық, ықшамдық сияқты талаптарға сай болуы тиіс;
- логотипте «60» саны немесе «Ақтау 60 жыл»деген жазу болуы тиіс;
- жұмыс келесідей өзгерістерге ұшырауы мүмкін: қысқарту немесе ұлғайту және ақ-қара реңктерге аудару, өзгерген жағдайда логотиптің әсері жоғалмауы керек;
-жұмыс түрлі түсті немесе ақ-қара да болуы мүмкін;
- жұмыс сандық EPS, jpg, ai, cdr, pdf форматында ұсынылуы керек;
- жұмыста бұрын басқа салада қолданылған дизайн немесе сурет болмауы керек.

«Логотип – футболка, бейсболка, қалам және билбордта басылады. Сондықтан эскиз жасау барысында логотиптің үлкейтіліп, кішірейтілетінін басты назарға алу қажет»,- деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
 
Конкурстық жұмыстар «Логотип байқауы» тақырыбымен aqtau.akimat@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.

Байқау ережелерімен Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтынан таныса аласыздар.