Ақтауда мерекелік шырша шамы жағылды

Ақтауда мерекелік шырша шамы жағылды
Бүгін Ақтау қаласының жаңа жылдық шыршасының шамы салтанатты түрде жағылды. Бас шырша “Ынтымақ” алаңында орналасқан.
 
Шырша шамын жағу мәртебесі 8 жасар ақтаулық Нұрдәулет Қожабековке берілді. Ол - боччадан ҚР чемпионы. 
 
Шырша шамын жағу рәсіміне 
мерекелік көңіл-күйді сезінуге ниетті барлық қала тұрғындары қатысты. 
 
Ақтау қаласы әкімдігінің Спорт және мәдениет бөлімінің айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, күйбең тіршілік пен қарбаластан шаршаған ересектердің де мерекелік атмосфераны сезінуіне және тұрғындар арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді. 
 
“Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Шырша шамын жағу рәсімі  балалар да, ересектер де асыға күтетін мерекелік дәстүр деп есептеймін. Осы әдемі көңіл-күйді бөлісуге келгендеріңізге рахмет. Жаңа жыл жақсы жаңалықтарға толы болсын”,- деді бөлім басшысының міндетін атқарушы Сара Рзаханова. 
 
Айта кетейік, іс-шарада қаламыздың өнерпаздары әннен шашу шашып, би билеп, Жаңа жылдың басты символдары - Аяз ата мен Ақшақар сыйлық сыйлап, ойындар ойнатты.