ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10:00-де (тіркелу 9:00) Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшылық құрамының Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Ақтау қаласы 19А ш/а, 1/1 ғимаратында өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрліктің басшылық құрылымына кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: ұялы.8 (708) 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Кездесулерге жазылу үшін (708) 132 78 66 ұялы нөміріне және Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Еңсеген Динара Серікқызына 8708 362 9014 хабарласуды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдеріне сұрақ қоюға шақырамыз.