Қалалық әкімдікте «Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өтті. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің азаматтарды қабылдау кезіндегі сөйлеу мәдениеті жайлы сөз қозғалды.

Қалалық әкімдікте «Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өтті. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің азаматтарды қабылдау кезіндегі сөйлеу мәдениеті жайлы сөз қозғалды.

Қала әкімі Ербол Ізбергенов мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық имиджіне қойылатын талаптар туралы және мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін арттыру жайлы айтты.

«Ақтау қаласының әкімдігі, жергілікті атқарушы орган ретінде азаматтармен тығыз жұмыс жасайды. Сондықтан қызметшілеріміздің халықты қабылдау кезінде сөйлеу мәдениеті мен «Әдеп кодексінің» талаптарын қатаң сақтауы - өте маңызды. Сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқаратынын атап өткім келеді», - деп атап өтті Ербол Ізбергенов.

Семинарда Маңғыстау облысы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Есенали Иса сөз сөйледі.