Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қала тұрғындарын қабылдады.

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қала тұрғындарын қабылдады.

Қала басшысы 20 тұрғынмен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады. Соның ішінде 7 тұрғын жеке мәселемен бөлісті. Ал қалған тұрғындардың негізгі мәселелері - тұрғын үй, әлеуметтік, коммуналдық, жер қатынастары, кәсіпкерлік аясында болды.

Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінен хабардар болу үшін жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұрады.