Ақтауда «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектепте» ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу өтті. Әдеби кеш ретінде, яғни ресми форматта жоспарланған іс-шара ақынның өтінішімен еркін форматқа ауысты. Онда ақын өз өмірі жайлы сыр шертіп, кеңестерімен бөлісті.

“Мен сендермен сырласуға, сендерге сыр ашуға келдім. Ресми кездесулерден шығып қалыппын, айып етпеңіздер. Мен сіздермен осылай, еш боямасыз, сырласып отырып сөйлескім келеді. Менің айтатын әңгімемде сіздер сұраған ой да, өмірім де, өлеңдерім де бар”, деді Ақұштап Бақтыгереева.

Кездесуге келген қонақтар да, оқушылар да бұл ұсынысты қошеметпен қолдап, ақынның шынайы болмысына тәнті болды.

“Жайықтың ақ шағаласы” атанған ақын кездесуде өзінің балалық шағы, ақындық жолы, шығармаларының шығу тарихы жайлы естелік әңгімелер айтып, поэзия оқыды.

“Мен өлеңді отырып оқи алмаймын”, деп өлеңге деген құрметін көрсетті.

Кездесу барысында ақын Фариза Оңғарсынова туралы естелік әңгімелерін айтып берді.

“Оның өзіндік болмысы бар еді, мінезі басқаша болды. Бірақ біз оның шынайылығына тәнті болатынбыз”, деп еске алды ақын.

Сонымен қатар облысымызда салт-дәстүр сақталғанына ризашылығын білдірді.

“Мен Маңғыстауды ерекше көремін. Мұнда сыйластық, мейірім бар. Ата-бабамыздың салт-дәстүрі сақталған. Оны тіпті қарттар үйіндегі қариялардың көп еместігінен байқауға болады”, дейді ақын.

Кездесу соңында мектептің жас ақындары Ақұштап ақынға деген жылы лебіздерін білдіріп, арнау өлеңдер оқып, ақынның шығармашылығынан әндер орындады. Кездесу естелік суретке түсумен аяқталды.