Өмірзақ ауылына қарасты Приозерный тұрғын массивінің тұрғындарынан «Өмірзақ ауылы әкімі аппараты» ММ-не (бұдан әрі - Әкімдік) кәсіпкерлік субьектілері ауыл тұрғындарына арналған қоқыс жәшіктеріне заңсыз қоқыс тастайтындығы жөнінде шағымдар түсті.

Осыған байланысты, Приозерный тұрғын массивінің тұрғындары мен Әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлік субьектілерінің қоқыс шығаруына қатысты мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында, бірқатар кәсіпкерлік субьектілерінің қоқыс шығарушы мекемелермен келісім-шарты жоқ екендігі, ал кейбірінің келісім-шарты бар болғанымен қызмет көрсетуші мекеме тиісті деңгейде қызмет көрсетпейтіндігі анықталды. Соның салдарынан кәсіпкерлік субьектілері қоқыстарын ауыл тұрғындарының қоқыс жәшіктеріне тастап, тұрғындардың есебінен қоқыстарын шығаруда.

Мониторинг нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілеріне, өздеріне қызмет көрсететін қоқыс шығарушы мекемелерден тиісті деңгейде қызмет көрсетілуін талап ету қажеттігі жөнінде, сонымен қатар ауыл тұрғындарына арналған қоқыс жәшіктеріне салуы заңсыз екендігі түсіндірілді.