Қала күніне орай әкімдіктің ұйымдастыруымен Ақтау қаласының тұрғындары теңіз жағасында Головкин-“Канело” тарихи кешінің көрсетілімін тамашалады.

Қала күніне орай әкімдіктің ұйымдастыруымен Ақтау қаласының тұрғындары теңіз жағасында Головкин-“Канело” тарихи кешінің көрсетілімін тамашалады.

Жекпе-жекті тамашалауға жиналған жанкүйерлер өте көп болды. Бұл- тұрғындардың патриоттық рухының өте жоғары екенін тағы бір дәлелдеп берді. Олар теңіз жағасында Головкин рингке шығардан 2 сағат бұрын жиналды.

Айта кетейік, жекпе-жек Лас-Вегас қаласында( АҚШ, Невада штаты) өтті.

Бокс кеші таңғы 5.00-де басталып, Головкин мен “Канело” рингке шамамен 9-ға қарай шықты.

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Нәтижесінде Сауль Альварес жеңіске жетті.