Ақтау көшелерінде қала тазалығын насихаттайтын билбордтар пайда болды

Ақтау көшелерінде қала тазалығын насихаттайтын билбордтар пайда болды

Облыс орталығының түрлі нүктелерінде осындай 10 конструкция орнатылған. Олар коммуналдық қызмет қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге, қоқыс шығарып, аулаларды сыпырып, Ақтаудың тазалығын сақтауға шақырады.

Олардың фотосуреттері плакаттарды толықтырып, қоғамға қажет мамандықтың күрделілігін айқын көрсетеді.

"Олардың ішінде тазалық үшін күрескер-коммуналшылардың фотосуреттерін көруге болады. Бұл коммуналдық қызмет қызметкерлеріне олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс. Коммуналдық қызметкерлер халықтың қарызына қарамастан қоқыс шығарады, тіпті демалыс күндері де жұмыс істейді. Есіңізде болсын! Тазалық сенен басталады!",- деді Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Балғожаева.