Ақтауда турникке тартылу бойынша «TARTYL FEST - 2022» спорттық фестивалі аяқталды

Ақтауда турникке тартылу бойынша «TARTYL FEST - 2022» спорттық фестивалі аяқталды

TARTYL FEST-ке 306 адам қатысты.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай спортшыларға сәттілік тіледі. -Биыл өңірде алғаш рет «Tartyl fest» фестивалі өтуде. Көптеген адамдар өздерін сынап көрді. Үміткерлер арасында кішкентай спортшылар да бар. Бұл спорттық іс-шара қазақстандықтар арасында тез танымал бола бастағанын білдіреді. Осындай айтулы жарысты ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, - деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

«Tartyl fest» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара»таланттарды қолдау қоры ҚҚ қолдауымен өткізілуде.