Ақтауда аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Ақтауда аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Күн тәртібінде төраға мен оның мүшелерін сайлау туралы мәселе көтерілді. Отырыс барысында "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт"жобасы аясында жүзеге асырылатын жоспарлар мен ауқымды жұмыстар айтылды.

Отырысты ашқан Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов қатысушыларға сәттілік тілеп, аналар кеңесін құрудың маңыздылығын атап өтті.

"Кеңес жұмысына білім, мәдениет өкілдері, этномәдени бірлестіктер жанындағы мүшелер қатысады. Президент өз Жолдауында елдегі демографиялық жағдайға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, жастарды тәрбиелеуге ерекше назар аударды.
Сіздердің арқаларыңызда біздің жастарымыз осы құндылықтарға қосылады деп сенемін", - деп түйіндеді А.Байпақов.

Білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева аналар кеңесінің алдында баяндама жасады. Қаланың бас мұғалімі Білім министрлігінің "Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық"акциясы іске қосылғандығын айтты.

"ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті "Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық" ұранымен республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Акция 2022 жылдың 31 тамызына дейін, яғни жаңа оқу жылының басталуына дейін жалғасады", - деді Б.Тұрғанбаева.

Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы болып Гүлзира Есетова сайланды. Кеңес құрамына Гүлсара Жолдасбаева, Дәметкен Шәкенова, Русгүл Игликова, Раиса Маденова, Гүлмира Әбішева, Нұргүл Анылман, Жібек Ахметова, Гүлжан Байжаунова кірді.