Ақтауда әуе шеруі өтеді

Ақтауда әуе шеруі өтеді

Ақтау қаласында 5 тамыз күні аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағаның батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай әуе шеруі өтеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Шараға Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштері армия авиациясының тікұшақтары мен жойғыш ұшақтары қатысады. Әскери ұшқыштар жоғарғы пилотаж әдістерін орындап, өз шеберліктерін көрсетеді.

Әскери әуе шеруін қала тұрғындары мен қонақтары теңіз жағалауынан тамашалай алады.

Шараның басталуы: сағат 20:00

Өтетін орны: Ақтау қаласы, 15 ш/а, Амфитеатр