Ақтау қаласы автомобиль жолдары бойындағы жаяу жүргіншілер өтпесі жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласы автомобиль жолдары бойындағы жаяу жүргіншілер өтпесі жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда

«Қала жолдары» ЖШС-гі Ақтау қаласы бойынша бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айында төмендегі мекен-жайлар бойынша 1000 м2 жол таңбасы сызылды:

- № 3 автомобиль жолы, № 19 автомобиль жолы қиылысынан – «Звезда Актау» айналма жолына дейін;

- № 9 автомобиль жолы, «Заман» СҮ арты;

- № 16 «а» автомобиль жолы, 9 ш/а «Три дельфина» кафе маңы;

- № 18 автомобиль жолы, 11 шағынаудан 22 үй «Салем» дүкені маңы;

- № 20 автомобиль жолы, 17 шағынаудан «Аманат» ғимаратына қарама-қарсы;

- № 21 автомобиль жолы, № 12 автомобиль жолының қиылысынан - № 6 автомобиль жолының қиылысына дейін;

- № 25 автомобиль жолы, № 22 автомобиль жолының қиылысы «Киш-Миш» шайханаға қарама-қарсы.