Ақтауда жол кедергілерін орнату жұмыстары басталды

Ақтауда жол кедергілерін орнату жұмыстары басталды

Ақтауда қала тұрғындарының өтініші негізінде және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция қызметкерлерінің нұсқаулығына сәйкес жасанды жол кедергісін(лежащий полицейский) орнату бойынша жұмыстар басталды.

Жол кедергілері шағынаудандар арасындағы ішкі жолдарға, мектеп және бала-бақша маңына орнатылады.

Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін 4-шағынаудан 58 үй алдына, 5-шағынаудан бойынша 18, 21, 22, 40 үй мен 3-шағынаудан 7 үй алдына, сонымен қатар, 10-шағынаудан 1 үйдің артына орнатылды.

Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін қала бойынша 700 метр жасанды жол кедергісі орнатылады.