Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құрметті қала тұрғындары!

Шағынаудандардағы мәселелер мен қала тұрғындарының ұсыныстарын тыңдау мақсатында қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған жұмыс тобы шағынаудандағы белсенді тұрғындармен кездеседі.

Кездесуге әр шағынауданның белсенді тұрғындары арасынан бастамашыл топ құрылу керек.
Ол үшін 8707 751 9260 Whatsapp нөмеріне
✔️толық аты-жөніңіз;
✔️мекен-жайыңыз;
✔️байланыс нөмеріңізді көрсетіп жолдауыңыз сұралады.

Әр шағынаудан тұрғындарынан құрылған бастамашыл топпен ұйымдастыру бөлімінің мамандары алдын-ала хабарласып, кездесу орны мен уақытын белгілейді.
Ендеше, қала әкімімен тікелей жүздесуді жіберіп алмаңыздар!