«КазАзот» АҚ қоғамдық тыңдау өтті

«КазАзот» АҚ қоғамдық тыңдау өтті

 

Ақтауда «КазАзот» акционерлік қоғамында ҚР Экология кодексінің 96 бабына сәйкес қоғамдық тыңдау өтті. 

 

Жиынға тұрғындармен қатар Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері, сонымен қатар, Ақтау қалалық цифрландыру және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы қатысты. 

 

Күн тәртібінде акционерлік қоғамның «Ақпаратты өңдеу орталығы» жобасының презентациясы таныстырылды. 

Жобаның мақсаты деректерді өңдеу орталығын орналастыру үшін алаң салу болып табылады. Аталған жоба аясында  жергілікті еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілмек.

 

- «ҚазАзот» АҚ аумағының оңтүстік бөлігінде деректерді өңдеу орталығы үшін алаң құрылысы салынбақ. Яғни, деректерді өңдеу орталығының блок-контейнерлерін орналастыруға арналған көлемі - 122х30м және -30х20 болатын екі алаң және операторлық екі блок-контейнерінің құрылысы бой көтермек.Аумаққа кіру бақылау кәсіпорынның жалпы қауіпсіздік режимімен қамтамасыз етіледі.Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың 3 тоқсанында басталып, 3 айға созылады деп жоспарланған, - деді «ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметі.