Ақтауда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі басталды

Ақтауда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі басталды

Бүгін, 19 мамыр Ақтаудағы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі басталды. 

 

Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Алайда, бүгінде бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы тұрғындар толық деңгейде ақпарат біле бермейді. 

Осыған орай, тұрғындарға жеткілікті ақпарат беру және сапалы қызмет көрсету мақсатында 2 күнге созылатын жәрмеңкеде бөлім мамандары сағат 10.00-17.00 аралығында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, тиісті мемлекеттік көмек көрсетеді. 

 

Шара ертең, яғни 20 мамыр күні 4 ш/а «Абай» мәдени демалыс кешенінде жалғасады.