Жетінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы 2022 жылы 20 мамыр күні өтті

Жетінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы 2022 жылы 20 мамыр күні өтті

2022 жылғы 20 мамыр күні сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың кезекті 13 сессия мәселелерін талқылау бойынша тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы және 17.00-де қалалық мәслихаттың кезекті 13 сессия отырысы өткізілді.

 

Ақтау қалалық мәслихатының кезекті 13 сессия мәселелерін талқылау бойынша тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысына және сессияға сайланған 15 депутаттың 10 қатысып, 4 депутат дәлелді себептермен қатыса алмады.

 

Сессияның күн тәртібі бойынша төмендегі мәселе қаралды:

  1. 2021 жылға арналған Ақтау қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
  2. 2021 жылға арналған Өмірзақ ауылы бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
  3. Жергілікті атқарушы органның Ақтау қаласында этносаралық және конфессияаралық келісім мен азаматтық қоғам институттарын дамыту саласында қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
  4. 2021 жылы атқарған жұмысы жөніндегі қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы.
  5. Е.М.Сыражанов пен Ш.А.Гусейновтың қалалық мәслихаттың депутаттары болып тіркелгені жөніндегі Ақтау қалалық сайлау комиссиясының ақпараты туралы.
  6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Б.М.Шагированың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы.
  7. Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/7 «Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелерін және олардың төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Күн тәртібіндегі 1-ші «2021 жылға арналған Ақтау қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселе бойынша қалалық қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуы бойынша сектор меңгерушісі Габдулина Қарлығаш Төлеуханқызы баяндады.

 

1-ші мәселе бойынша Қ.Габдулина өз баяндамасында, 2021 жылдың қалалық бюджеті кірістер бойынша жоспары 2020 жылдың 25 желтоқсанында «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №38/427 қалалық мәслихат шешімімен 35 596 013 мың теңге сомасында, шығыстар 35 596 013 мың теңге көлемінде бекітілгендігін атап өтті.

2021 жыл ішінде қалалық бюджетке 7 рет түзетулер мен 5 рет нақтылау енгізілгендігін айтты.

2021 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетінің кірістерінің нақтыланған жоспары 43 404 953 475,8 мың теңгені құраса, шығындары  57 632 493,7 мың теңгені құрайтынын айтты.

01.01.2022 жылға қаланың бюджетіне 40 551 341,7 мың теңгеге салықтар мен түсімдер түсті, болжамдалғаны 40 551 341,7 мың теңге, немесе 93,4%.

2021 жылға Ақтау қаласы бюджетінің шығыстары 59 330 837,7 мың теңге жоспармен, орындалуы 54 244 607,2 мың теңге, немесе 91,4 %, соның ішінде:

жергілікті бюджет есебінен шығыстар 31 572 569,6 мың теңгеге орындалды, жоспар 34 767 142,7 мың теңге, немесе 90,8 %;

республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 8 790 161,1 мың теңге орындалды, жоспар 9 038 318,0 мың теңге, немесе 97,3 %;

бюджеттік кредиттер 15 525 377,0 мың теңге жоспарланып, 13 881 876,5 мың теңге игерілді, яғни 89,4%.

2021 жылы 1 000 491,5 мың теңге жалақы мен міндетті төлемдер төленді, немесе жалпы шығындар көлемінің 1,8%, зейнетақы жарналары 89 401,3 немесе 0,2%, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына еңбекақы мен жарналарды төлеу 147 632,0 мың теңге, немесе 0,3 %, тауарларды, өзге де жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін 5 027 160,2 мың теңге немесе 9,2%, басқа ағымдағы шығындар 1 426 878,7 мың теңге, немесе 2,6 %, ағымдағы трансферттер 198 827 882,3 мың теңге, немесе 36,4 %, күрделі шығындар 24 648 943,6 мың теңге, немесе 45,2 %, несиелерді өтеу 1 693 967,3 мың теңге, немесе 3,1 %, сыйақы төлеу 633 326,8 мың теңге, немесе 1,2 %.

2021 жыл соңына Ақтау қаласының бюджетінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдық 778 224,8 мың теңгені құрайтынын жеткізді.

Қалалық бюджеттің шығындары функционалдық топ бөлінісінде келесі көлемде көзделді:

1-ші функционалдық топ бойынша «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» 01.01.2022  жылға жоспар бойынша – 631 792,6 мың теңге, кассалық орындалысы 630 143,6 мың теңгені құрады, немесе 99,7%. Ол жалпы шығын көлемінің 1,2% құрайды.

2-ші функционалдық  топ  бойынша  «Қорғаныс»  жоспар  бойынша 38 474,0 мың теңгені құрап,  кассалық  орындалысы 38 471,8 мың  теңгені құрайды, немесе 100%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,1% құрайды.

3-ші функционалдық топ бойынша «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық - атқару қызметі»  жоспар бойынша 112 774,0 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 102 772,6 мың теңгені құрады, немесе 91,1%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,2% құрайды.

6-ші функционалдық топ бойынша «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» жоспар бойынша 3 940 184,0 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 3 939 838,5 мың теңгені құрады, немесе 100%. Ол жалпы шығын көлемінің 7,5% құрайды.

7-ші функционалдық топ бойынша «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» жоспар бойынша 25 827 492,4 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 23 953 423,1 мың теңгені құрады, немесе 92,7%. Ол жалпы шығын көлемінің 45,6% құрайды.

8-ші функционалдық топ бойынша «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік» жоспар бойынша 639 034,0 мың теңгені құрайды, кассалық орындалысы 637 605,7 мың теңгені құрады, немесе 99,3%. Ол жалпы шығын көлемінің 1,2% құрайды.

9-ші функционалдық топ бойынша «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» жоспар бойынша 3 947 121,0 мың теңге,   кассалық орындалысы 3 947 112,0 мың теңгені құрады, немесе 100%. Ол жалпы шығын көлемінің 7,5% құрайды.

10-ші функционалдық топ бойынша  «Ауыл,  су,  орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау,   жер қатынастары»    жоспар бойынша 5 981,8 мың теңгені құрап,  кассалық  орындалысы  5 972,3 мың теңгені құрады, немесе 99,8%.

11-ші функционалдық топ бойынша «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» жоспар бойынша 155 041,0 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы  155 026,2 мың теңгені құрады, немесе 100%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,3% құрайды.

12-ші функционалдық топ бойынша «Көлік және коммуникация»   жоспар бойынша 1 537 857,3 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы  1 537 852,9 мың теңгені құрады, немесе 100%. Ол жалпы шығын көлемінің 2,9% құрайды.

13-ші функционалдық  топ  бойынша  «Басқалар» жоспар бойынша 564 840,0 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 526099,0 мың теңгені құрайды, немесе 93,1%. Бұл жалпы шығынның 1%-ын құрайды.

14-ші функционалдық топ бойынша  «Борышқа қызмет көрсету» жоспар бойынша 633 327 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 633 326,8 мың теңгені құрайды, немесе 100%. Бұл жалпы шығынның 1,2%-ын құрайды.

 15-ші функционалдық топ бойынша «Трансферттер» жоспар бойынша 19 598 574,6 мың теңгені құраса, кассалық орындалысы 16 438 619,8 мың теңгені құрады, немесе 83,9%. Бұл жалпы шығынның 31,3%-ын құрайды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиторлық берешек сомасы 1 625 358,4 мың теңгені құрады. Кредиторлық берешектің қалыптасу себептері: құрылыс және реконструкцияға байланысты төлемнің 5%-ын ұстау (1 522 644,4 мың теңге), растаушы құжаттардың кеш ұсынылуынан (45 130 мың теңге), тарифтердің көтерілуіне байланысты қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттың жеткіліксіз болуынан (57 584 мың теңге).

2022 жылдың 1 қаңтарына қалалық бюджет бойынша дебиторлық берешек жоқ.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджет қаражатының қалдығы 778 224,8 мың теңге.

 

Күн тәртібіндегі 2-ші «2021 жылға арналған Өмірзақ ауылы бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселе бойынша  Өмірзақ ауылының әкімі Құбашев Жетібай Бопышұлы баяндады.

 

2-ші мәселе бойынша Ж.Құбашев өз баяндамасында, Ақтау қалалық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті» 2021 жылғы 5 қаңтардағы №38/429 санды шешімімен түсімдер 210 054 мың теңге көлемінде бекітілгенін атап өтті, оның ішінде:           

Кірістер – 210 054 мың теңге:

Салықтық түсімдер – 74 581 мың теңге;

Салықтық емес түсімдер – 153 теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  - 0  мың теңге;

Трансферттік түсімдер – 135 320 мың теңге;

Бюджеттік кредиттерді өтеу – 0  мың теңге;

Қарыздар алу – 0 мың теңге.

2021 жылы Өмірзақ ауылының бюджетті орындау барысында 5 рет нақтылау енгізілгенін жеткізді.

Өмірзақ ауылының бюджетінің түсімдерінің нақтыланған, түзетілген жоспары 210 054 мың теңгені құраған және бастапқы бекітілген  көлемінен 38 962,8 мың теңгеге өскенін айтты.

Есепті кезеңде жоспарланған 210 054 мың теңге көлеміне нақты түскен түсім 249 016,8 мың теңге.

Мемлекеттік мекемесі әкімшісі мынадай бюджеттік бағдарламалар болып табылады:

- 124.001. «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бюджеттік бағдарламасы»мемлекеттік мекеменің ережеде айқындалған функцияларын және міндеттерді орындауға шығындарын көздейді,  олар белгілі бір ережеге сәйкес жүзеге асырады,  ал олар 42 363 мың теңгені құрады.

- 124.003.«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» Қарттарға және мүгедектерге материалдық тұрмыстық жағдайын жақсартуға, әлеуметтік сауықтыру. 2021 жылы әлеуметтік көмекке 0,0 мың теңге құрады

- 124.006.«Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» Өмірзақ ауылының мәдени-тынығу жұмыстарын дамыту және жетілдіру шығындарын көздейді. 2021 жылы жалпы сомасы 837 мың теңге шығысты құрады.

- 124.008.«Елді – мекен көшелерін жарықтандыру» Өмірзақ ауылының көшелерді жарықтандыру және электр қуатының желілеріне техникалық қызмет көрсету шығындарын көздейді. 2021 жылы 2 700  мың теңге шығысты құрады.

- 124.009. «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» көшелерді күнделікті тазалау, қоқыстарды және қатты қалдықтарды тасу шығындарын көздейді. Осы мақсатқа 16 136 мың теңгені құрады. 

-124.011.«Елді мекенді аббат,андыру және көгалдандыру» ауылды көгалдандыру және аббатандыру іс-шараларына 21050 мың теңге қарастырылды.

- 124.014. «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру». 2021 жылы Өмірзақ ауылының септигіне ағымдағы жөндеу жұмысы – 73 053,0 мың теңге, Рауан т.м. есептеу пункттерін орнату үшін су құдықтарын орнату бойынша жұмыстар – 39 548,0 мың теңге, Тік канализациялық суасты сорғы станцияларына қызмет көрсету – 33 505,0 мың теңге.

-124.028.«Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу» Өмірзақ ауылының барлық жастағы адамдары жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуы санының өсуі  шығындарын көздейді. 2021 жылы жалпы сомасы 706 мың теңге шығысты құрады.

- 124.053.«Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару». Жатахқананы күтіп ұстау қызметін көрсету бойынша шығындарын көздейді. 2021 жылы жалпы сомасы 94 694,0 мың теңге шығысты құрады.

Ақтау қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының  1  нысаналы ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау индикаторлары бойынша жауапты болып табылады, бағдарламаның жедел есептiлiктi бойынша осы нысаналы индикатор көрсеткішіне жоспар бойынша 100% қол жеткізу жоспарланды, алайда бүкіләлемдік коронавирус індетіне байланысты жұмыстар тоқтатылып 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына дейін толықтай орындаулы қамтамасыз етілуде.

- Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету: Қол жеткізілді. Ауылдық елді мекендер халқының жалпы саны (Өмірзақ ауылы, оған іргелес тұрғын үй алаптары) – 7289 адам. Оның ішінде орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға халық саны 2332 адам немесе жалпы санның 32,02% "Рауан" т/ж қосылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында №27 орта мектебінің 2 мұғалімі қаржылай көмек және 1 мұғалім тұрғын үй алуға көмек алды.

- Қоғамдастықтың жинау кезінде ауылдық округ, ауылдар мен елді мекендердің орталықтарында әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын талқылау (жиналыс) – 4 (онлайн) жиналыс өткізілді.

- «Агробизнес-2021» бағдарламасы шеңберінде ауылдық округтер, ауылдар мен елді мекендердің орталықтарында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу - жыл бойы шаруашылық субъектілеріне арналған семинар-кеңестер өткізді.

- Несие және микро кредит бойынша ауылдық елді мекендерді кәсіпкерлерімен кездесулер – Бір жыл ішінде, кездесулер несиелендіру және микрокредит бойынша ауыл тұрғындары арасында өткізілді.

-  Орта және шағын бизнес субъектілеріне облыстың Бас санитарлық дәрігерінің шығарған қаулыларына байланысты бизнес субъекті иелерімен түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіліп тұрды.

 

Күн тәртібіндегі 5-ші «М.Сыражанов пен Ш.А.Гусейновтың қалалық мәслихаттың депутаттары болып тіркелгені жөніндегі Ақтау қалалық сайлау комиссиясының ақпараты туралы» мәселесі бойынша Ақтау қалалық сайлау   комиссияның төраға орынбасары Құспанова Айнұр Оразқызы баяндады.

А.Құспанова өз баяндамасында, қалалық сайлау комиссиямен «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен мерзімінен бұрын шығып қалған Ақтау қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының орнына партиялық тізім бойынша келесі депутаттар тіркелгендігін атап өтті:

  1. Сыражанов Ерген Мұратұлы 1986 жылы туылған, ЦГИ «Маңғыстау» эксперт, Ақтау қаласы;
  2. Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы 1966 жылы туылған, жеке кәсіпкер, Ақтау қаласы

 

 

Сонымен қатар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының  күн тәртібіндегі төмендегі мәселелері қаралды:

  1. «Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін дуальды оқыту мен жұмыспен қамтуды дамыту және іске асыру туралы».
  2. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 17.05.2021ж. №2 «Қалалық жер, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қала құрылысының бас жоспарын іске асыруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» қаулысының орындалысы туралы.
  3. Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Саркеновтың 21.04.2022 жылғы №01-24-905 хатын қарау туралы.

 

Күн тәртібіндегі «Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін дуальды оқыту мен жұмыспен қамтуды дамыту және іске асыру туралы» мәселесі бойынша Маңғыстау облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Сармурзина Жәния Оңалбайқызына баяндады.

Ж.Сармурзина өз баяндамасында, Ақтау қаласы бойынша 16 колледж (6 мемлекеттік, 10 жекеменшік) жұмыс жасайды, онда 14 258 студент (мемлекеттікте – 5 690, жекеменшікте – 8 568) білім алуда екендігін атап өтті.

Дуальды оқыту Ақтау қаласы бойынша 14 колледжде 35 мамандық бойынша оқытылатынын айтты. Олар көлік, құрылыс, қызмет көрсету, білім беру, медицина, тамақ өнеркәсібі, әлеуметтік жұмыс, құқық, жеңіл өнеркәсіп, энергетика және байланыс салалары бойынша 101 (2021жыл-93) кәсіпорынның қатысуымен 1964 (2021жыл-1684)  адамды құрайды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 280 адамға немесе 16 % - ға артты.

Дуальды оқыту бойынша колледждерде оқу процесінде төмендегі жұмыстар атқарылатынын жеткізді:

- үш жақты келісім-шарт (мекеме, колледж, білім алушы) жасақталады.

Бұл келісім-шартта әр бір тараптың міндеттері мен құқықтары көрсетіледі;

- Әр бір топқа бөлек оқу кестесі жасақталады (себебі дуальды оқыту бойынша оқитын топтар басқа топтармен салыстырғанда тәжірибелік сағат көп  және аптаның 1 немесе 2 күні теория қалған күндері өндірісте тәжірибеден өтеді);

- мекеме өкілдерінің қатысуымен әр бір мамандық бойынша оқу-жұмыс жоспары мен білім беру бағдар жасақталады (бір тақырыпты теориялық сабақта меңгергеннен кейін тәжірибемен ұштастыра отырып, біріктірілген модульдық әдіспен оқытылады);

- оқуды аяқтағаннан кейін мамандығына қосымша біліктілік беріледі (мысалға Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығында оқитын студенттерге қосымша Сылақшы, тас қалаушы біліктіліктері беріледі).

Дуальды оқыту бойынша оқитын студенттер өңірдегі ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Атап айтсақ «МАЭК КазАтомПром» ЖШС, «КазАзот» ЖШС, «Каспий Битум» АҚ, «Каскор-Машзавод» ЖШС, «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС, «Казпочта» АҚ, «Бикада» ЖШС, «Ақтау электро сервис» ЖШС, «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК, «ADVER» ЖШС, «Tenaris» ЖШС, «Mediana services limited» ЖШС, RIXOS қонақ үй кешені, «Caspian Riviera»ЖШС, «Мирос» ЖШС, «GrandNurPlaza» ЖШС, компания «CP Hotels Aktau» ЖШС, «Renaissance Aktau Hotel» ЖШС, «Silk Way» ЖШС, «Tastai Property Management» ЖШС, «Holiday Inn Aktau» ЖШС  қонақ үй кешендері.

2020-2021 оқу жылында Ақтау қаласы бойынша дуальды оқытумен бітірген 362 студенттің 333-і немесе 92%-ы (өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда) жұмысқа орналасқанын атап айтты.

Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша колледждер:

- дипломдық қорғау мен мемлекеттік емтихандарға мекеме өкілдерін тарту;

- жұмыс берушілерді тарта отырып дөңгелек үстелдер, сайыстар, ашық есік күндерін өткізу;

- жұмыспен қамту орталықтары мен бірге бос орындар жәрмеңкесі шараларын ұйымдастырады.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласы бойынша 9 колледжге (оның ішінде 3 жекеменшік)  қамқорлықты жүзеге асыру бойынша 15 кәсіпорын (мекеме) («МАЭК КазАтомПром» ЖШС, «КазАзот» ЖШС, «Каскор-Машзавод» ЖШС, «CP Hotels Aktau» ЖШС, RIXOS  қонақ үй кешені, Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филормониясы, Педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты, «Жамал-Ай» ЖШС, «ADVER»ЖШС, «СМК Атамекен» ЖШС, «Hyunday Aktau» ЖШС, «КТЖ-Жүк тасымалы»-Батыс» ЖШС, «КаскорТрансСервис» АҚ, «НК КТЖ» НЖС-14 АҚ)  арасында меморандумдарға, келісімдерге қол қойылды.      

Оларда компания өкілдерінің қамқоршылық кеңестерге кіруі, материалдық-техникалық базаны зертханалық жабдықтармен жарақтандыру, дуальды оқытуды дамыту, білім алушыларды өндірістік практикаға қабылдау, педагогтерді тағылымдамадан өткізу сияқты міндеттемелер көзделген.

Аталған келісімдер мен меморандумдар дуальды оқытуды одан әрі дамытуға өз септігін тигізеді.

 

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қалалық мәслихат депутаттарымен талқыланып, тиісті шешімдер мен қаулылар қабылданды.