Ақтауда білім беру ұйымдары басшыларына референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтауда білім беру ұйымдары басшыларына референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Бүгін, 18-мамыр күні қала әкімдігінде өткен білім беру ұйымдарының бас қосуда референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Мемлекеттік хатшы Ерлан Кариннің Конституциялық реформа туралы бейнешолуы ұсынылды. 
 
Бейнероликте мемлекеттік хатшы жаңартылған Конституцияда өзгеретін нақты бес ірі бағытты қарапайым тілмен түсіндірген. 
 
Сонымен қатар, Ерлан Тынымбайұлы референдумның жүйелі сипатқа ие екенін алға тарта отырып, оған суперпрезиденттік модельден президенттік мемлекетке түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін нығайту сынды бірқатар өзгерістер енетінін атап өтті. 
 
Сондай-ақ, білім беру ұйымдары басшылары 5-маусым күні елімізде өтетін азаматтардың өз пікірін тікелей білдірудің ең демократиялық тәсілі болып саналатын референдумға міндетті әрі аса жауапкершілікпен қатысатынын жеткізді