ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқауын жариялады

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқауын жариялады
22 жылғы 18 мамырда «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы​ басталды.
 
Байқауға қатысуға мемлекеттік қызмет өтілі кемінде үш жыл, құжаттарды қарау кезінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін шешілмеген әкімшілік жазалары және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.
 
I кезең - өңірлік (облыстық) деңгейдегі, өңірлік конкурстық комиссиялар өткізетін конкурс.
 
Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 18-22 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне электронды почтамен жіберу арқылы жүзеге асырылады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
 
2022 жылғы 23 мамырда сағат 10.00-ге дейін барлық қатысушыларға бір мезгілде кейстік тапсырма электрондық поштаға/смс/WhatsApp жіберіледі. Байқауға​ қатысушылар 23:59 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде өзінің көлемі 500 сөзден аспайтын жазбаша жауабын және ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейне жауабын жолдаулары қажет. Кезең эссе жазу форматында өтеді.
 
2022 жылғы 28-31 мамыр аралығында кандидаттар өңірлік комиссияға мемлекеттік қызмет саласында іске асырылатын немесе іске асырылған жобалар/идеялар бойынша таныстырылым ұсынады. Презентацияның ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек. Презентация мәтінін (Word) форматта және слайдтарды (Pdf) кандидаттың визиткасын ресімдей отырып ұсыну қажет.
 
Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне республикалық деңгейде 2022 жылғы 5 маусымға дейін қатысуға ұсынылады.
 
Республикалық комиссия кандидаттармен әңгімелесуді 2022 жылғы 10 маусымға дейін өткізеді, жаңа идеялар презентация түрінде ұсынылады.
 
Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы әдістемелік ұсынымдарда қамтылған gov.kz сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/307238?lang=kk&fbclid=IwAR3w10hfd-RRt0Gs_IKQkUzTRktAO4MbTlsfBGfn8rVwFflwtKeUlPKuKVM