Ақтау қалалық мәслихатының хабарламасы!

Ақтау қалалық мәслихатының хабарламасы!

Ақтау қалалық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы 2022 жылы 20 мамыр күні өтеді

 

Жетінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы 2022 жылы 20 мамыр күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 үй, 5 қабат).

Сессияның қарауына келесі мәселелер  ұсынылады:

  1. 2021 жылға арналған Ақтау қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
  2. 2021 жылға арналған Өмірзақ ауылы бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
  3. Жергілікті атқарушы органның Ақтау қаласында этносаралық және конфессияаралық келісім мен азаматтық қоғам институттарын дамыту саласында қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
  4. 2021 жылы атқарған жұмысы жөніндегі қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы.
  5. Е.М.Сыражанов пен Ш.А.Гусейновтың қалалық мәслихаттың депутаттары болып тіркелгені жөніндегі Ақтау қалалық сайлау комиссиясының ақпараты туралы.
  6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Б.М.Шагированың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы.
  7. Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/7 «Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелерін және олардың төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың бұл отырыстары https://aitube.kz/ платформасында онлайн трансляция арқылы жүргізілетін болады. Тілек білдірушілер https://aitube.kz/channel?id=773f0009-146a-4ab6-bb01-06cd70ce87f6&tab=main сілтеме бойынша өте алады.

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының аппараты