Нәтижесінде ескертуді елемеген кәсіпкерлердің ойын машинкалары мен велосипедтері тәркіленді.
Айта кетейік, теңіз жағалауында заңсыз сауда-саттықпен айналысып жүрген азаматтарға қала әкімдігі тарапынан бірнеше рет жазбаша ескертулер берілген болатын.
Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.