2022 ЖЫЛЫ 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯЛАР, ПКСК ЖӘНЕ ЖЭК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТОҚТАТАДЫ

2022 ЖЫЛЫ 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯЛАР, ПКСК ЖӘНЕ ЖЭК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТОҚТАТАДЫ

Яғни, Республика бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесі жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін пәтер иелерінің кооперативінен мүлік иелерінің бірлестігіне (МИБ) немесе жай серіктестікке толық ауысу қажет.
Тұрғын үй қатынастары саласындағы реформаларға азаматтардың шағымы мен наразылығы түрткі болды. Көппәтерлі тұрғын үйді толық басқару үшін меншік иелері кондоминиум нысанының ортақ мүлкін әр пәтер иесінің құрамы мен үлесін анықтай отырып тіркеуі керек. Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары ортақ мүлікке назар аударып, мұқият болуы қажет. Ал бұл өз кезегінде Тұрғын үй қорын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан пәтер иелері қаражаттың түсуі мен жұмсалуы ашықтығын қамтамасыз ету үшін өз үйінде мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құруы маңызды.
2022 жылғы 1 шілдесіне дейін басқарудың барлық ескі нысандары – пәтер иелері кооперативтері, пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативтері, тұтынушылық кооперативтер жаңадан құрылған мүлік иелері бірлестігі немесе жай серіктестіктерге барлық техникалық, қаржылық және басқа құжаттарды беруі тиіс және заңнама тәртібімен жойылуы керек.

МИБ құру бойынша кеңес «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-нен (қалалық әкімішілік (сервис орталығы)) және 6 ш/а, №18 ғимаратта орналасқан «Жастар үйінен» (екі кабинетте мамандар кеңес береді) алуға болады.