Маңғыстауда бюджеттің үнемделген қаражаты білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға жұмсалады

Маңғыстауда бюджеттің үнемделген қаражаты білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға жұмсалады

Бүгін, 3 желтоқсанда  облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың  қатысуымен 7 сайланған облыстық мәслихаттың кезекті VIІІ сессиясы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Сессия барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев 2021 жылға арналған облыс бюджетінің параметрлерін нақтылау бойынша баяндама жасады.

Атап айтқанда, “Педагог мәртебесі туралы" Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты мұғалімдерге еңбекақы төлеу қоры мен мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік тапсырысына қосымша қаражат жіберілді.

Сондай-ақ, қаражат Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталатын болады. Жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталады.

Отырыс соңында депутаттар 2021 жылға арналған бюджетті оңтайландыруды бірауыздан мақұлдады.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бойынша бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.