Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізді күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды.

Еліміздің барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурінді және дана басшылығы мен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің нәтижесінде келді.

Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында еліміз экономикалық реформаларды жүзеге асырып, нәтижесінде қазір біз тұрмысы түзелген, халқының әл-ауқаты жасқарған мемлекеттердің қатарына қосылдық.

Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін! Еліміз аман, егемендігіміз мәңгілік болсын!

Ізгі тілекпен: Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай