Ақтаудағы аялдамаларға онлайн тақтайшалар орнатылды

Ақтаудағы аялдамаларға онлайн тақтайшалар орнатылды

Ақтаудағы 14 аялдамаға «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында онлайн тақтайшалар (табло) орнатылуда. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпараттық көрсеткіш тақта халыққа бірнеше қызмет түрлерін көрсете алады. Ол жерде қажетті автобустардың нөмірі мен олардың неше минуттан кейін аялдамаға келетіндігі туралы ақпарат көрсетіледі. Сонымен қатар, онлайн режімде сынап бағанасы және басқа да күн райындағы өзгерістерді байқауға болады. Мамандардың болжауынша, бұл жаңа жоба жолаушылар үшін ең ыңғайлы әрі сенімді қызмет түріне айналады.

Әзірге қала бойынша 7 аялдамада онлайн тақтайшалар іске қосылды. Қалған 7 аялдаманың тақтайшаларын электр желілеріне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша жаңа технологияның арқасында ақтаулықтарға қоғамдық көлікпен жүріп-тұру жеңілдемек.