МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Ақтау қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ОНЛАЙН жәрмеңке өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға жергілікті атқарушы органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтерді айқындау. 

 

Тікелей эфирде Ақтау қалалық мәдениет және спорт, дене шынықтыру бөлімінің басшысы Б.Досов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Хаирлиева, жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары А.Елшібекқызы және білім бөлімінің басшысы Б.Тұрғанбаева, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.Жұбаназарова, сонымен қатар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Базаров көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

 

Ақтау қаласы әкімдігімен ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 61 қызмет түрі көрсетіледі.

 

2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қала әкімдігіне қарасты Өмірзақ ауылы әкімдігі және одан өзге 9 мемлекеттік мекемелермен 56 мемлекеттік қызмет түрінен – барлығы 70328 қызмет көрсетілді. Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы- 7851, ХҚКО арқылы –25763,  электрондық портал арқылы – 36714 қызмет.