Дүниежүзілік банк Маңғыстауда жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Дүниежүзілік банк Маңғыстауда жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Бүгін, 18 қазан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто бастаған делегацияны қабылдады,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланды. Жан-Франсуа Марта Дүниежүзілік банк білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыруға және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға мүдделі екенін айтты.

Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.