ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТ БЕЛГІЛЕРІ БАР ҰЙЫМДАР

ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТ БЕЛГІЛЕРІ БАР ҰЙЫМДАР

Заңсыз қаржы ұйымдарының құрбаны болып қалудан сақтаныңыз!

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржы нарығындағы заңсыз қатысушылар:
🔹интернеттегі жарнамалар;
🔹блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерді мониторингтеу;
🔹жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (жыл басынан агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түсті);
🔹азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде анықталған.

Тізімге заңсыз қызмет белгілері бар 121 компания, оның ішінде 56 қаржы пирамидасы ұйымдары және 65 заңсыз инвестициялық делдалдар (жалған брокерлер) енгізілген.

🌐Толық тізімді Ақтау қаласының әкімідігі телеграмм каналынан жүктей аласыздар.